Қазақстанда ПТР тестілеуінің бағасы 9 мың теңгеге дейін төмендеді

19 қазан 2020, 18:19

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамин ПТР тестілеулердің бағасына ерекше көңіл аударған. 

 
2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. 

Еске салсақ, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда ПТР тестілеудің бағасы бір айдың ішінде арзандайтыны туралы айтқан болатын.