Ел жаңалықтары

Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады

  • Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады

    Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов аудандық, облыстық және Жоғарғы сот судьялары қанша жалақы алатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда аудандық, облыстық және Жоғарғы сотты қоса алғанда 2 684 судьялық бірлік қарастырылған. Бірақ, қазіргі таңда 2 400-і нақты жұмыс істейді. 14 пайыз бос орын бар», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол аудандық және облыстық судьялардың жалақылары қанша екендігін де атап өтті.

«Жалақыларына қатысты ешқандай құпия жоқ. Жалпы, еңбекақы аудандық деңгейдегі судьяларда орташа есеппен алғанда 400-500 мың теңгенің төңірегінде. Ол - жұмыс өтіліне байланысты. Ал облыстық деңгейде - 600-700 мың, Жоғарғы сотта 800-900 мың теңгенің төңірегінде болып отыр. Судьялардың еңбек өтіліне байланысты жалақыларында айырмашылық болуы мүмкін»,- деді Айдос Сәдуақасов.




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 23:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30