Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда тағы 110 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

27 шілде 2021, 09:56

Қазіргі таңда республикада 87 мыңнан астам адам коронавирус пен COVID белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр. Бір тәулікте республикада індеттен 110 адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, өткен тәулікте коронавирустан 86 науқас, ковидтік пневмониядан 24 пациент қайтыс болды.

27 шілдедегі мәлімет бойынша, 87 094 адам коронавирус инфекциясынан (–85 163 + және 1931 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 24 328 пациент стационарда, 62 766 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1461 адамның жағдайы ауыр,
306 пациенттің жағдайы өте ауыр,
182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.