Ел жаңалықтары

Қазақстанда тағы бір университет лицензиясынан айырылды

  • Қазақстанда тағы бір университет лицензиясынан айырылды

    Қазақстанда тағы бір университет лицензиясынан айырылды

Білім және ғылым министрлігі тағы бір қазақстандық университетті лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, Шымкентте академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясыз қалды. Шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткен тексерулерден кейін қабылданды.

 "Сонымен қатар Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да оқу орнын бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды, шешім 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы", - деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметінде.

Бұдан бұрын ЖОО-на кезекті жоспарлы тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды түзетуге бірнеше рет мүмкіндік берілгені атап өтілді.

"Орын алған бұзушылықтар оқу үдерісін ұйымдастыру, талапкерлерді оқуға қабылдау, жоо-ны оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру төңірегінде болды. Мәселен, "Атамекен" ҰКП рейтингінің деректері бойынша ЖОО-ның білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің үмітіне 17,4 пайызға ғана сәйкес келеді, ал білім беру бағдарламаларының 82,6 пайызы пысықтауды талап етеді, өйткені жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді", - деп толықтырды ведомствода.

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінде мұндай шаралар студенттердің мүдделерін ескере отырып қабылданатынын мәлімдеді.

"Біз студенттер мен ата-аналардың мұндай шаралар, ең алдымен, студенттердің өздерінің мүдделерін ескере отырып, қабылданатынын түсінгенін қалаймыз. Егер жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, диплом алғаннан кейін болашақ мамандар жұмысқа орналасу проблемаларына тап болуы мүмкін", - деді комитет төрағасы Гүлзат Көбенова.

Ал лицензиясынан айырылған оқу орнының студенттері оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа жоо-ларға ауыса алады. Студенттердің барлық оқу көрсеткіштері басқа жоо-ларға ауысқан кезде жарамды болады. Ақылы негізде оқитындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады. БҒМ өз тарапынан көмектеседі.




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31