Ел жаңалықтары

Қазақстанда тамызда ауа райы қандай болады?

  • Қазақстанда тамызда ауа райы қандай болады?

    Қазақстанда тамызда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері тамыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар болжамына сәйкес, тамыздың басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және құрғақ ауа райы сақталады, тек шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі.

"Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +20+25 градус, күндіз +35+42 градус, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +15+22 градус, күндіз +30+37 градус болады. Ауа температурасының мұндай жоғары фоны, басқа ауа массаларының Қазақстан аумағына келуіне жол бермейтін бұғаттаушы антициклонға байланысты.

Бірақ бірінші онкүндіктің соңына қарай, бұғаттаушы антициклон тарайды. Оның орнына Қазақстан аумағына циклон келеді және онымен бірге атмосфералық фронттар бірте-бірте ауысады. Бұл өз кезегінде найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр жаууына әкеледі. Кейбір өңірде жел күшеюі мүмкін. Сондай-ақ, жылудың төмендеуі болжанады. Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +25+30 градус, солтүстік жартысында +20+27 градусқа жетеді", - делінген болжамда.
 
Айдың екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысына суық ауа массалары келеді. Бұл ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі. Жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты найзағай соғып, желдің күшеюі күтіледі.

"Солтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз +17+25 градустан +23+30 градусқа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28+35 градус болады. Ауа температурасы күндіз +23+28 градус болатын оңтүстік өңірлерде қалыпты жылы ауа райы күтіледі, ал солтүстік өңірлерде ауа райы күзгі сипатқа ие болады, күндіз ауа температурасы +17+22 градусқа жетеді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер 31 шілде - 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 16:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30