Ел жаңалықтары

Қазақстанда тек әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылады

  • Қазақстанда тек әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылады

    Қазақстанда тек әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылады

12 сәуірде «Отбасы банктің» әйелдерге арналған «Ұмай» атты ипотекалық бағдарламасы басталады.

Жаңа бағдарлама несиені 15% бастапқы жарнамен немесе депозитке салым салмай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауы тиіс.

«Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 12%, тұрғын үй қарызына ауысқан кезде несие мөлшерлемесі жылдық 3,5%-ке дейін төмендейді. Атыңыздағы баспананың бар-жоғы маңызды емес. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғары құны - 30 миллион теңгеге дейін», - делінген хабарламада.

Егер отбасының табысы 200 мың теңгеден аспайтын болса: несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 85%-на дейін. Мәселен, пәтерді бағалау құны 10 млн теңге болса, несиеге 8,5 млн теңге дейін алуға болады

Егер отбасы табысы 320 мың теңгеден аспайтын болса: несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 80%-на дейін. Мәселен, пәтерді бағалау құны 10 млн теңге болса несиеге 8 млн теңге дейін алуға болады

«Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша қаражатты тұрғын үйді алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға да, жылжымайтын мүлікті жөндеуге де пайдалануға болады. Жөндеу жұмыстарына 3 700 000 теңгеге дейін алуға болады. Шарт бойынша клиент жөндеу жүргізілетін тұрғын үйдің меншік иесі немесе бірнеше меншіктерінің бірі болуы тиіс.

Егер клиенттің табысы жеткіліксіз болса онда заемшы ретінде кез келген 1 немесе 2 адамды шақыруға болады. Несиенің ең ұзақ мерзімі - 25 жыл», - делінген хабарламада.




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 15:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31