Ел жаңалықтары

Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі ұзартылуы мүмкін

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

Қазақстанда қажет болған жағдайда, төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Қазақстан заңнамасына сәйкес, мен елде төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойдым. Төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 16 наурызында таңғы сегізден басталады және 30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда режим ұзартылуы мүмкін", -деді Тоқаев отандық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде.

 

16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуір таңғы 07.00 дейін күшінде болады.

 

Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды, оны премьер-министр басқарады.

 

Бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Ірі сауда орындарының жұмысы шектелді, бірақ азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді.

 

Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылды.

 

Ел аумағына кіру және шығуға шектеу қойылды. Алайда бұл жүк тасымалына әсер етпейді.

 

Мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін демалысқа жіберілді. Ал студенттер онлайн оқыту жүйесіне көшті.

 




Көрілген: 284    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 19:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30