Ел жаңалықтары

Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы әлі де бар: Мамандар мәселе шешімін атады

  • Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы әлі де бар: Мамандар мәселе шешімін атады

    Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы әлі де бар: Мамандар мәселе шешімін атады

Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы әлі де байқалуда. Мысалы, БҰҰ стандартына сәйкес 1 адамға кем дегенде 30 шаршы метрден келуі тиіс, бірақ Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 шаршы метрге тең. Бұған қарамастан, елімізде жыл сайын миллиондаған шаршы метр қолданысқа беріледі, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 1 000 қазақстандыққа 287 тұрғын үйден келеді. Бұл Оңтүстік Африка еліндегі (283) көрсеткішпен бірдей. Ал Түркияда мың тұрғынға 446 үйден келсе, Ресейде 449-ға тең. Еуроодақта әр екінші тұрғынға бір үйден келеді екен. 

 
Мамандар тұрғын үй тапшылығы эконом-класында байқалатынын айтады. Сондықтан нарықтағы баға өсіміне де әсерін тигізген. Қазір қолжетімді бағада жаңа үй табу қиын. Элиталы тұрғын үй саны жеткілікті болғанымен, мұны көп адамдар сатып ала алмайды. Аталмыш мәселе жайлы пікір білдірген риэлторлар ассоциациясында пәтер тапшылығын шешуге болады дейді.

"Компаниялар бұл қаржығы құрылыс материалдарын сатып алатынын айтады. Егер Қазақстанда ішкі нарық дамып, құрылыс және әрлеуге арналған материал зауыттары ашылатын болса, бір жағынан жұмыс орыны көбейеді, екіншіден баға да арзандайды", - деп мәлімдеді Қазақстан риэлторлар біріккен ассоциациясының басшысы Лариса Степаненко. 

Риэлторлар болжамына сәйкес желтоқсан айының ортасынан қаңтар айының соңына дейін үй бағасы тұрақталады. Бұл жыл соңында банктердің есептерді жабуымен байланысты. Ипотека бойынша жаңа келісім шарттар келесі жылға ауыстырылғандықтан, нарықтағы баға төмендейді.




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31