Қазақстанда ҰБТ басталды

10 наурыз 2021, 15:39

Қазақстанда ҰБТ электрондық форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

 
"Тестілеуді өткізу кестесіне сәйкес бүгін еліміздің 12 аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында тестілеу 12 наурызда,  Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында 15 наурызда басталады", - деп хабарлайды министрлік. 

Наурыздағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге жарамды.