Ел жаңалықтары

Қазақстандағы микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға 107 айыппұл салынды

  • Қазақстандағы микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға 107 айыппұл салынды

    Қазақстандағы микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға 107 айыппұл салынды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қыркүйек айының қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты 107 айыппұл және 66 жазбаша ұйғарым шығарды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жылдық тиімді сыйақы мөлшері белгіленген көлемнен асқаны үшін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын «Колёса Ломбард», «Qaz Qredit» МҚҰ, «Центральный Ломбард», «Ломбард Express Credit», «777 Ломбард», «Luxe Ломбард» және басқалар сияқты ұйымдарға 47 жазбаша ұйғарым шығарылды.

Микрокредит беру туралы үлгі шарттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін «Наш Ломбард» ЖШС, «Ломбард Серт KZ», «Капитал Ломбард Плюс», «Ломбард Мардан Голд», «Ломбард Бастау-kz», «Ломбард Белый LLP», «Тез Ломбард» және басқаларына қатысты 19 жазбаша ұйғарым шығарылды.

Сондай-ақ жылдық тиімді сыйақы мөлшерін көрсетпегені немесе қате көрсеткені үшін МҚҚЖҰ-ға қатысты айыппұл түрінде 107 әкімшілік жаза қолданылды.

2020 жылы кредиттік серіктестіктер, ломбардтар және онлайн-кредиттеу компаниялары Агенттіктің реттеу аясына енгізілді. Олар үшін меншікті капиталға, басшыларының біліктілігіне және үй-жайларының техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар артты.

Осы жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша микроқаржы секторында 1109 МҚҚЖҰ жұмыс істейді. Қалған микрокредиттеу субъектілері не жұмыс істемейтін болып табылады, не капиталы жоқ. Және қызметін тоқтатуды жоспарлап отыр. Есептік тіркеуден өтпеген ұйымдар мәжбүрлі түрде таратылады.

Азаматтарды қорғау және микрокредиттеу нарығындағы алаяқтық тәуекелін азайту үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап лицензиялау енгізіледі. Онда капитал және өтімділік бойынша пруденциялық стандарттардың толық тізбесі, басшы қызметкерлер мен акционерлердің іскерлік беделіне қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ аудитке және есептілік ұсынуға қойылатын талаптарды белгілеу көзделген.




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30