Қазақстандағы референдум: дауыс бергендер саны артты

05 маусым 2022, 17:03

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-дегі алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 60,80 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша референдумда 7 миллион 127 мың 366 қазақстандық дауыс берді.

"Орталық референдум комиссиясының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, елорда уақыты бойынша сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 60,80 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды", - деді Смағұлов.
 
Ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда облысында - 72,26 пайыз.

Tengrinews.kz