Ел жаңалықтары

Қазақстандағы төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін бе

  • Қазақстандағы төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін бе

    Қазақстандағы төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін бе

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан аумағындағы коронавирустың тарауына қатысты азаматтарды мазалап жүрген сұрақтардың барлығына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтардың басым көпшілігін мемлекеттегі төтенше жағдай режимінің ұзартылу мүмкіндігіне қатысты сұрақ қызықтырған.

Дәурен Абаев бүгінгі жағдайға алаңдаушылық танытып жатқан отандастарының сауалына нақты жауап беру мүмкін емес екенін алға тартты. Алайда, министр алдағы уақытқа оң болжам берді. Ол шамамен бір айдан соң, еліміздегі науқастардың саны азая бастау керектігін айтты.

"Қазіргі уақытта бұл сұраққа нақты жауап бере алмайтынымызды мойындауымыз керек. Дәрігерлердің айтқанына бұлжытпай орындайтын болсақ, бұл жағдай тез арада аяқталатын болады. Біз жұқтырғандардың тіркелуі әлі де жалғасатынын күтудеміз. Бірақ, одан кейін жаңадан жұқтырғандардың саны төмендей түспек. Бір айдың ішінде деп үміттенеміз" , - деді Абаев.
Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев коронавирус жұқтырғандар арасында шенеуніктердің бар-жоғына қатысты жауап берген болатын. Ақпарат министрі коронавируске қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.




Көрілген: 1054    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 23:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Тамыз, 20:09
    Өркениет шырақшысы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31