Ел жаңалықтары

"Қазақстанды" қарызға батырған кім?

  • "Қазақстанды" қарызға батырған кім?

Ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен "Қазақстан" шипажайының бұрынғы басшысы ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы 
Baq.kz хабарлайды.

Тергеу департаменті Қ. Сұлтанға және басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

2013 жылы Қ. Сұлтан шипажай ғимаратын қайта жаңарту және күрделі жөндеу сылтауымен банкке жоғары кіріс туралы жалған мәлімет беріп, 2,6 млрд теңге несие алады. Одан әрі әр түрлі қаржылық схемаларды пайдалана отырып, Қ. Сұлтан жалған кәсіпорын арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, 974 млн теңге жымқырады, - делінген таратылған ақпаратта.

Бүгінгі күні АҚ іс жүзінде банкроттыққа дейін жеткен. Қаржы мекемесі алдындағы берешектің жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Қ. Сұлтан соттың санкциясымен қамауға алынды, оның қызы А. Бейсебаева үйқамаққа алынды. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке акционерлік қоғамның бірқатар қызметкері мен Қ. Сұлтанның жақын туыстары тартылады.

Тергеу жалғасып жатыр.
 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30