Ел жаңалықтары

Қазақстандық әйелдерге коронавирусқа байланысты жүктілікті шегере тұру ұсынылды

  • Қазақстандық әйелдерге коронавирусқа байланысты жүктілікті шегере тұру ұсынылды

    Қазақстандық әйелдерге коронавирусқа байланысты жүктілікті шегере тұру ұсынылды

Қазақстандық дәрігерлер елімізде ана өлімі көбейіп келеді деп дабыл қағуда. Жыл басынан бері 136 жүкті әйел қайтыс болыпты. Себебі, пандемия кезінде оларға уақытылы көмек көрсетілмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТв арнасына сілтеп хабарлайды.  

Дәрігерлер екінші толқын кезінде жағдай қайталануы мүмкін деп қорқады. Оның үстіне ерлер денсаулғына да қауіп төніп тұр. Коронавирус ер адамның ұзақ уақыт бойы әке болу мүмкіндігінен айырады. 

 
Қарлығаш Арғымбаева осы жылдың шілде айында жүктілік кезінде екі жақты пневмониямен ауырған. Осы диагноздан кейін әйел үшін нағыз қорқыныш басталды. Петропавл ауруханалары лық толды. Қаланың ауруханаларының ешқайсысында болашақ ананы жай қабылдаған жоқ. Оның және баланың денсаулығына қауіп төнді.

"Коронавирустың белгілері: жөтел, температура, тағы басқалары болды. Жедел жәрдемге шақырдым. Олар келіп, тексеру жүргізіп, емханаларға, ауруханаларға қоңырау шалғанымен, еш жерде орын болмады. Оларды да түсінуге болады, олар бала үшін де, мен үшін де қорықты, баланың өмірі үшін қорықты", - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Қарлығаш Арғымбаева.

Бақытымызға орай, Ағымбаеваға әзер дегенде ауруханалардың бірінен орын табылып, дені сау бала босанды. Бірақ барлық босанған әйелдеге мұндай бақыт бұйырмайды. Ауруханаға жету үшін кейбіреулер "от пен судан" өтуге мәжбүр. Нәтижесі көңіл көншітпейді дейді репродуктивті медицина қауымдастығының басшысы.

Пандемия кезінде ана өлімі төрт есе өсті. Жыл басынан бері 136 жүкті әйел қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда  бұл көрсеткіш жүз есе аз болатын.

"Денсаулық сақтау органдарынан нақты шешім болмады, яғни перзентханалар кейді жұқпалы аурулар ауханасы десе, содан кейін провизорлық деп жатты. Әйелдер босану үшін  осы ауруханаларды аралап шығуы керек болды. Жүкті әйелдер, олар жұқтыру қаупі бар топ болғандықтан, оларды қабылдамады, ПТР талап етті, оған уақыт кетті, ауруханаға кеш жатқызылды", - дейді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Қазақстан Президенті қазан айының басында ана өлімі бойынша көңіл көншітпейтін статистиканы жариялады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы жүкті әйелдердің өлімі үшін әкімдерді жауапқа тартуға шақырып еді. 

"Ерлердегі жыныс бездерінің зақымдануы КВИ-мен ауыратын науқастарда болуы мүмкін. Бағдарламада болған және КВИДІ жеңіл дәрежеде қабылдаған ер адамдарда алғашқы айда сперматозоидтардың жоқтығын байқадық. Әрине, сәби күтіп жүрген жастар әлеуметтік белсенді болса бір бірінен қашып жүре алмайды. Сондықтан коронавирустың кеткенін күту керек сияқты", - дейді Вячеслав Локшин.




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 00:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30