Ел жаңалықтары

Қазақстандық дәрігер жанайқайын әлеуметтік желіде жеткізді

  • Қазақстандық дәрігер жанайқайын әлеуметтік желіде жеткізді

    Қазақстандық дәрігер жанайқайын әлеуметтік желіде жеткізді

Instagram желісіндегі v.aktau парақшасы дәрігер аноним түрде қызметінің қиын тұстарын, кадр жетіспеушілігін және емделушілердің дөрекі қарым-қатынасы жайлы аноним түрде айтып берді, - деп хабарлайды инАқтау.


"Мен бір күн сайын жұмыс істеймін, себебі маман жетіспейді. Шыны керек, қатты шаршаймыз. Біздің де отбасымыз, бала-шағамыз бар. Соңғы рет қашан киноға барғаным да есімде жоқ. Балалар өз бетімен өсіп жатыр", - дейді дәрігер. Дәрігердің айтуынша, олар күніне 200 адамды қабылдайды. Оның арасында дөрекі сөйлесетіндері де бар көрінеді. "Емделушілер өте дөрекі сөйлеседі. Кейбір қыздар бетімен кеткен, ұятсыз. Ал "жоғарыдағылар" Құдай секілді. Оларға саяжай не ауруханада скрининг-орталығын жасап қойған. Интернетте бізді ақымақ, дөрекі деп айыптап, емдеу қолдарынан келмейді деп жатады. Ал өздерің қандайсыңдар? Біз сендерге қызмет көрсетуіміз керек пе, әлде көмектесуіміз қажет пе? Емдеуіміз керек пе, әлде күліп тұруымыз керек пе? Ойлануымызға бола ма? Бізге жай ғана өмір сүруге бола ма? Қазір ақылдылар "бұл - сендердің жұмыстарың" деуі мүмкін. Кешіріңіздер, бірақ мұндай "аурулармен" ешқандай аттың да қажеті жоқ", - деген екен дәрігер. Аноним түрде ойын бөліскен маман дәрігерлерге түсіністікпен қарауды сұрады.

 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.12.2019, 17:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 10:32
    "Хан Шатыр" жанып кетті
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31