Қазақстандық оқушылар қашан мектепке барып оқиды: Министр түсіндірді

08 сәуір 2021, 14:41

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалар мектепке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Пандемияға байланысты жағдай жақсарған кезде өңірлер "сары" және "жасыл" аймаққа енген кезде мектепке бару мәселесі қозғалады. Әдетте, өңірлер "жасыл" аймаққа кірген кезде, балалардың барлығы мектепке барып оқуға құқылы. Әрине мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулердің орындалуына байланысты", - деді министр.

 
Сонымен қатар, Аймағамбетов егер қазақстандықтар санитарлық дәрігерлер айтатын талаптар мен ұсыныстарды ұстанатын болса, онда еліміз пандемияны тезірек ауыздықтай алады және балалар оқуға оралатынын айтты.

Еске салсақ, осыған дейін ҰБТ-ның электронды форматта өтуіне байланысты білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.