Ел жаңалықтары

Қазақстандық оқушылар үшін жазғы мектептер ашылады

  • Қазақстандық оқушылар үшін жазғы мектептер ашылады

    Қазақстандық оқушылар үшін жазғы мектептер ашылады

Қазақстанда үлгерімі нашар оқушылар үшін мамыр айының соңында жазғы мектептер ашылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтуынша, осылайша оқушылар қашықтан оқыту нәтижесінде туындаған олқылықтардың орнын толтыра алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім министр биыл мектептерде оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталатынын айтты.

 "Бұл ретте (26 мамырдан бастап) 19 маусымға дейін мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырамыз. Негізінде, бұл ерікті сипатқа ие, бұл шара қосымша қаржыландыруды қажет етпейді", - деді Аймағамбетов.

Ведомство басшысының ойынша, жазғы мектеп оқушыларға білімін жетілдіруге, ал олардың ата-аналарына балалардың жазғы демалысын ойластыруға мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-анасы өтініш жазуы қажет.

Мектепте ниет білдіргендердің бәрі ерікті негізде тегін оқиды. Бұл ретте үлгерімі нашар оқушыларға баса назар аударылады.

"Біз үлгерімі нашар балаларға көп көңіл бөлуіміз керек. Әдетте талантты, дарынды, үлгерімі жақсы балаларға көп көңіл бөлінеді. Бұл балалармен жұмыс істеу оңай әрі қызықты екені түсінікті, бірақ бұл жағдайда басты назар дәл үлгерімі төмен балаларға аударылуы тиіс", - деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, жазғы мектепте сабақ беретін мұғалімдерге қосымша ақша бөлу жоспарланбаған.

"Бұл қаржының барлығы қарастырылған", - деп сендірді Аймағамбетов.

Ведомствода педагогтар биылғы оқу жылына бекітілген жүктеме аясында жұмыс істейтінін атап өтті.

Мұғалімдер 19 маусымнан кейін жазғы демалысқа шыға алады.

Сонымен қатар, министр жазғы мектептердің жұмысына қатысатын мұғалімдердің есеп беруін азайтуды тапсырды.

"Есеп беру тұрғысынан: формализм жоқ, барынша азайту керек. Кейбір әріптестеріміз есеп жазғанды ұнатады, бұған жол беруге болмайды", - деп түйіндеді Аймағамбетов.




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 15:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31