Ел жаңалықтары

Қазақстандық олимпиадашылардың екінші легі Токиоға ұшып келді

  • Қазақстандық олимпиадашылардың екінші легі Токиоға ұшып келді

    Қазақстандық олимпиадашылардың екінші легі Токиоға ұшып келді

Қазақстандық олимпиадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді. Делегация құрамында 44 адам бар, оның ішінде 23 спортшы, жаттықтырушылар, күрделі ғылыми топтардың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Спортшылар қатарында еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика мен жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері келген. 

 "Аман-есен ұшып келдік. Олимпиадалық ауылдағы қазақстандық спортшылар қатарына қосылғанша асықтық. Дайындық пен спортшылардың қалпына келуіне уақыт жетеді деп ойлаймын. Біздің атлеттер Олимпиада ойындарына қарқынды дайындалып, ерекше жігерленіп келді", – дейді Гюзель Манюрова. 

Жапонияға келген соң спортшылар мен жаттықтырушылар карантин аймағында болды. Одан кейін чартерлік рейспен Токиоға жетті. 

Жеңіл атлетика бойынша бәсекелер 30 шілдеде басталады. Әйелдер 100 метр қашықтық пен үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Жарыс жолына Ольга Рыпакова да шығады. Ол қазіргі таңда Токиода жаттығып жатыр.

Сондай-ақ Ольга Сафронова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова да бақ сынайды. Ерлер арасында 400 метр қашықтық бойынша Михаил Литвин 1 тамызда жарысқа қосылады. 1 тамыздан бастап Эльмира Сыздықова бастаған бұрымды балуандар мен грек-рим күресінің шебері Мейрамбек Айнағұлов белдеседі. 

2 тамызда әртістік жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер, 5 тамызда қазіргі бессайыс бойынша Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко, 6 тамызда көркем гимнастикадан Алина Әділханова өнер көрсетеді. 

28 шілдедегі нәтиже бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарынан үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов мен ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ұтып алды.




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 14:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30