Ел жаңалықтары

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореядағы отбасыларға көмектесуде

  • Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореядағы отбасыларға көмектесуде

    Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореядағы отбасыларға көмектесуде

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде тұрмысы төмен отбасыларға көмектесуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.

Өткен жылы Қазақстан, Ресей, Оңтүстік Корея және Орталық Азияның басқа да елдерінің студенттері Сеулде Еуразия болашақ көшбасшыларының қауымдастығын құрды. Қауымдастық мүшелері елдер арасындағы мәдени, білім беру және іскерлік ынтымақтастықты нығайтады. Бүгінгі таңда EFLA-ның жеті ұйымдастырушысы және 36 сайты бар. Сәуір айында жастар Сеулдегі саябақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізген. Биыл олар аз қамтылған отбасыларға көмектесуді шешті.

 
“Оңтүстік Кореяда қараша айында күн суытып, 2 градус аязға дейін жетеді. Әрине, қар жоқ, бірақ қатты жел бар. Ауа температурасы желтоқсанда минус 10-13 градусқа дейін төмендейді. Біз алты отбасына 20 кг көмір беру арқылы көмектесуді шештік", – дейді 26 жастағы Алматы қаласының тумасы Диас.

Алматылық жігіттің қайырымдылықпен айналысқанына біраз болған. Ол студенттерге ағылшын тілін үйретуге көмектесіп, донорлыққа қан да өткізген. EFLA аясында Диас  сыртқы ынтымақтастыққа жауапты.

“Әртүрлі салада мамандар тауып, ұжыммен бірге түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. БиылҚазақстан елшілігінің, ірі кореялық кәсіпкерлердің, сондай-ақ Корея қорының ынтымақтастық хатшылығының мамандары, бірқатар профессорлар мен түрлі мамандар арнайы дәріс оқыды”, - дейді студент.

Диастың айтуынша, Оңтүстік Кореяда шамамен 30-40 мың қазақстандық тұрады, олардың 5-7 мыңы студенттер. Өкінішке қарай, бұл жақтағы қазақтар арасында ынтамақтастық жоқ, дейді ол. Көптеген қазақстандықтар тек өз ортасында ғана араласуды жөн санайды. Диас алдағы уақытта қазақстандықтар жақсы араласып, игі істерді бірге жасайды деген сенімде екенін жеткізді. 




Көрілген: 1248    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.10.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30