Қазақстандық танымал спорт журналисі өмірден озды

16 желтоқсан 2021, 13:37

Қазақстандық спорт журналисі Максим Карташов өмірден озды. Ол 49 жаста еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Максим Карташов инсульт алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан. Сол жерде көз жұмған. 

Максим Карташов 1980 жылдардың аяғынан бастап қазақстандық хоккей жайлы хабар таратты. "Қазақстан хоккейі" журналының бас редакторы және "Қазақстанның үздік хоккейшісі" конкурсының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Әріптестері мұндай қаңғылы хабарды естіп есеңгіреп қалды.

"Бұл жаста Максим Леонидович 30-дағылардан жас көрінді. Ақылға қонбайды", - деп жазды таныстарының бірі.

Басқалары жақында ғана Максим Карташовты хоккейде көргенін еске алады: "екі апта бұрын біз Максиммен бірге сүйікті спорт сарайында Торпедо ойынында отырдық. Максим маған қазақстандық хоккей туралы өз журналының соңғы шығарылымын сыйға тартты".