Қазақстандық түлек "Алтын белгісін" сатуға қойған: Білім министрлігі пікір білдірді

19 қазан 2021, 09:18

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері интернетте сатылымға қойылған “Алтын белгі” медалі жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алтын белгі" – атаулы медаль. Ол жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатымен бірге беріліп, құжатына алушының аты-жөні жазылады. Яғни, "Алтын белгі" иелерінің артықшылықтарын пайдалану үшін оны біреуге беру немесе сату мүмкін емес", - деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Мөлдір Әбдіуәлиева.

 
Бұған қоса, ол аталған медаль жеке коллекционер немесе нумизматтар үшін қызықты болуы мүмкін екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық түлек "Алтын белгі" медалін сатуға қойғаны жайлы айтылған еді. Интернеттегі хабарландыруға сенсек, ол медалін 2 000 000 теңгеге бағалаған.