Қазақстандық вакцинаны жасаушылар мемлекеттік сыйлық алды

13 желтоқсан 2021, 10:36

Тоқаев ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындады, оны екі ғалымдар тобы – Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ұжымдары алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент комиссияның шешімін қарастырып, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын екі жұмысқа беруге қаулы етті.

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған "Розеофунгин-АС" отандық жаңа түпнұсқалық дәрілік препаратты әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру" тақырыбындағы жұмыс үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Құрбанұлы Саданов бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілді.

Авторлық ұжым құрамы:

  • бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты Ася Сұлтанқызы Балғымбаева;
  • вирусология бөлімінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Владимир Элеазарович Березин;
  • бас ғылыми қызметкер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ілияс Райханұлы Құлмағамбетов;
  • бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Петровна Треножникова;
  • "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультеті доцентінің міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Дәулетбайқызы Ұлтанбекова.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін биология ғылымдарының докторы, профессор, жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Күнсұлу Закарья бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілді.

Авторлық ұжым құрамы:

  • бас директордың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ерғали Орынбасарұлы Әбдірайымов;
  • бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Мелісбекұлы Қасенов;
  • зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Бекболатұлы Құтымбетов;
  • зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Мұхит Бармақұлы Орынбаев;
  • зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләйсан Тұрлыбайқызы Сұлтанқұлова;
  • бас ғылыми қызметкер, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Мұхитұлы Хайруллин.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары жаңа түрлерін әзірлегені және өндірісті ұйымдастырғаны үшін; экономиканың түрлі салаларында экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін беріледі. 

sputnik.kz