Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар 2020 жылы 21 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

  • Қазақстандықтар 2020 жылы 21 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

    Қазақстандықтар 2020 жылы 21 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамм салмақта ұсынылады. 2020 жылы сатып алушылар арасында 100 грамдық құйма көп сұранысқа ие болды
Өткен жылы Қазақстан азаматтары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес жеке айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 890 килограмм болатын 21 099 өлшенген құйманы сатып алды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда өсім 34%-ке жетті, деп хабарлады Ұлттық банк.

2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,57 тоннаны құрайтын 42 579 алтын құймасы сатылған.

Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамм салмақта ұсынылады. 2020 жылы сатып алушылар арасында 100 грамдық құйма көп сұранысқа ие болды.

"2020 жылы сатылған барлық құйманың ішінде 100 грамдық құйма жиі сатылды. Оның 2020 жылдағы үлесі 28% &ndash 5 859 дана", - деді банктегілер.
Одан кейінгі сұраныс жиілігі бойынша көрсеткіш мынандай: 20 грамдық &ndash 5 634 дана (27%) және 10 грамдық құйма &ndash 4 994 дана (24%), 50 грамдық құйма &ndash 2 622 дана (12%), 5 грамдық құйма &ndash 1 990 дана (9%). Құймаларды сатып алу жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалалары көш бастап тұр.

"Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап кері сатып алуға жалпы салмағы 3,4 килограмм 131 құйма қабылданды. Оның басты себебі &ndash алтын құймалар ұзақ мерзімді инвестициялау мен жинақтау құралы болып саналады", - деп түсіндірді банкте.
 
 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 23:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31