Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар арасында зейнетақыға 40 мың теңге қосылады деген хабарлама таралуда

  • Қазақстандықтар арасында зейнетақыға 40 мың теңге қосылады деген хабарлама таралуда

    Қазақстандықтар арасында зейнетақыға 40 мың теңге қосылады деген хабарлама таралуда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыға үстемеақы төленетіні туралы фейкті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар арасында мамыр айында барлық зейнеткерлер зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемеақы алатыны туралы хабарламаны таралуда. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған екен-міс. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мамыр айынан бастап зейнетақыларға 40 мың теңге мөлшерінде жаңадан үстемеақы төленетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамада зейнетақыларға үстемеақы мен қосымша ақы төлеу қарастырылмаған. Қазіргі кезде зейнетақы үш бөліктен тұрады: базалық, ортақ және жинақтаушы зейнетақы", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Бүгінде зейнеткерлік жасқа толған қазақстандықтардың мынадай төлемдерге құқығы бар:

– зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (1998 жылға дейін де, осы күннен кейін де) зейнетақы жасына жеткен барлық адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 100% дейінгі мөлшерде берілетін базалық зейнетақы төлемі);

– 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілі болған кезде ынтымақты зейнетақы (мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы алдындағы кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты);

– қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері (олар таусылғанға дейін).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес ынтымақты зейнетақылардың мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға оза отырып, жыл сайын индекстеледі. Базалық зейнетақы мөлшері де жыл сайын инфляция деңгейіне көтеріледі.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар 7%-ға өсті, 1 сәуірден бастап қосымша тағы 5%-ға индекстелді, бұл жиынтығында 2019 жылмен салыстырғанда ынтымақты зейнетақының 12%-ға өсуін қамтамасыз етті. Сондай-ақ базалық зейнетақы мөлшері де екі рет көтерілді. Оның өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ды құрады.
2021 жылдың басынан бері ынтымақты зейнетақы 7%-ға, базалық зейнетақы 5%-ға өсті.
Министрлік фейк хабарламаларға назар аудармауға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Сондай-ақ, ведомство жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 16:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31