Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Желтоқсанда бес күн жұмыс істейтіндер 12 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда атап өтіледі әрі ол мемлекеттік мереке болып саналады. 2019 жылы бұл күн жексенбіге келеді, ал "ҚР-дағы мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес, мереке күндері демалыс күніне сәйкес келген жағдайда демалыс күні мерекеден кейінгі келесі күн болып табылады.

Сондықтан Тұңғыш Президент күні:

- бес күн жұмыс істейтіндер үш күн: 30 қараша, 1 және 2 желтоқсан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

- алты күндік жұмыс істейтіндер екі күн: 1 және 2 желтоқсан (жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Тәуелсіздік күнін қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда атап өтеді әрі ол ұлттық мереке болып саналады. Бұл күндер дүйсенбі және сейсенбіге келгендіктен, жұмысшылар:

- бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн: 14, 15, 16 және 17 желтоқсанда (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

- алты күн жұмыс істейтіндер үш күн: 15, 16 және 17 желтоқсанда (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) демалады.

Сонда жалпы желтоқсан айында бес күн жұмыс істейтіндер 12 күн (1, 2, 7, 8, 14, 15, 16, 17, 21, 22, 28, 29); ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн (1, 2, 8, 15, 16, 17, 22, 29) демалады.

 




Көрілген: 1363    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 17:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30