Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

07 сәуір 2022, 09:00

Қазақстандықтар 2022 жылғы мамырда үш мерекені атап өтеді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасаған Тengrinews.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бұл - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні.

 

1 мамыр жексенбіге келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады.

 

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. Ал қазақстандықтар 9 мамыр - Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады.

 

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін сегіз күн болады