Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алуға екі рет қатыса алмайды

  • Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алуға екі рет қатыса алмайды

    Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алуға екі рет қатыса алмайды

Тұрғын үй алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға екі рет қатысуға енді жол берілмейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Кезектілік мәселесін шешу үшін мемлекет басшысы бұған дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институтын &ndash жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды бере отырып, «Отбасы банк» құруды тапсырды», &ndash деп еске салды Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға тек бір рет қана қатыса алады», &mdash деп нақтылады министр.

Сондай-ақ, министр 2021 жылы 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтты.

«Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл - 163 мың тұрғын үй. Оның ішінде 6,5 млн шаршы метр жеке тұрғын үй және 10,5 млн шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй», - деп хабарлады ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% - ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады.

2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді.




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 15:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28