Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразы: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

  • Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразы: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

    Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразы: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге жаппай қайтарып жатқан үкімет басшыларына ашулы. Жұрттың басым бөлігі шетеледе қалған отандастарымызды елге қайтармай, оларға қаржылай көмек көрсету арқылы, елде вирус жұқтырғандардың санын көбейтпеуге болатындығын алға тартады. Тіпті, әлеуметтік желілерде де бұл сауал халықты екі топқа бөліп тастағандай, біреулері, шетелдегі қазақстандықтарды елге оралуына жәрдемдесуіміз керек десе, енді біреулері, карантинге қарамастан шетел асып, өзге адамдардың басын қауіп-қатерге тіккендерді жазалау керек деседі. Дәл осылай ойлайтын адамдарыдың саны күн санап артып келеді.  

 

"Әуежай жабылмай, ауру адамдар келе береді. Біз қашанғы үйде отыру керекпіз?", - деп жазды желі қолданушысы.

"Үйден шықпа-шықпа дейсіңдер, ал өздерің шетелден қаңғып, вирус жұқтырғандарды елге кіргізесіңдер", - деп жазды екінші әлеуметтік желі қолданушысы.

"Онда неге шетелден келгендерді қабылдадыңыздар. Қабылдамау керек еді", - деді Асыл есімді бойжеткен.

"Шетелден ағылып кірді, солардан жұқты ғой, ең бірінші судья ағай алып келді", - деп іліп әкетті келесі қолданушы.

Осы сынды сауалдар мен наразылықтарға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жауап берді.

"Әрбір Қазақстан азаматы, қайда жүрсе де, өз Отанына оралуға құқығы бар. Кімнің қайтып келетінін, кімнің келмейтінін үкімет шешпейді. Бұл біздің азаматтарымыз, біз оларды қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп жауап берді Абаев.

 

 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 20:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31