Қазақстандықтар Украина халқына көмек ретінде бір тәулікте 22 миллион теңге жинады

27 ақпан 2022, 19:32

Қазақстандықтар Украина халқына көмек жинауда. Бір тәулік ішінде арнайы 22 миллион теңге жиналды. Бұл туралы Тоғжан Қожалы мәлімдеді.

Украин халқына гуманитарлық көмек ретінде 22 миллион теңге жиналды. Тоғжан Қожалы қазақстандықтарға алғысын айтты.

“Құрметті достар! Менің картамда 12 миллионнан астам теңге бар. Жалпы қаражат екі картаға түседі. Екіншісі Рахымбек Абдрахмановқа түседі. Ол менің 87019257585 нөмірімде. Бүгін 150 жатын қап аламыз. Бауырлас Украина халқына гуманитарлық көмек көрсетуге қатысты үндеуіміз шыққаннан бері қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаржы жинады. Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі біздің үндеуімізге үн қосып, сөзбен де, іспен де қолдау көрсеткен әрбір қазақстандыққа алғысын білдіреді. Бұл ақшаның бір бөлігі Украинаға Польша арқылы жеткізілетін Қазақстандағы дәрі-дәрмек пен басқа да гуманитарлық көмекке жұмсалады”, – деп жазды ол парақшасында.

Логистика Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің қолдауымен әзірленген. Қазақстанда сатып алу мүмкін болмаған заттар Польшадан алынады. Польшадан гуманитарлық көмек тікелей Украинаға жөнелтіледі. Бауырлас Украинаға көмек көрсету барысы туралы барлық ақпарат "Ел болашағы" телеграм-арнасында жарияланған. Барлығы 687 операция жасалды.

“Менің картамда 11 747 миллион теңге бар. Баршаңызға рахмет! Қазақстан халқы данышпан халық. Қалай көмектесуге болатыны туралы барлық мәліметтер арнада жазылған”, – деді Тоғжан Қожалы.  

Айта кетейік, қазақстандықтар бір күн бұрын Украина халқына гуманитарлық көмек ретінде қаражат жинауды бастады.

stan.kz