Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандықтарды 2017 жылдағы ең ұзақ түн күтіп тұр

21 желтоқсан 2017, 15:58

2017 жылдың 21 желтоқсанында - ең ұзақ түн және ең қысқа күн болатын қысқы күн тоқырауы күтілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мысалы, Астанада қысқы күн тоқырауында - 2017 жылдың 21 желтоқсанында сағат 9:16-да күн шықса, 17:09-да батады. Күндізгі уақыттың ұзақтығы 7 сағат 53 минутты құрайды.

Қысқы күн тоқырауда күн оңтүстік-шығыстан шығып, оңтүстік-батыстан батады.

Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Хал­қымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа күн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жар­ты шарда астро­номиялық қыс басталып, Сол­түстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Күннің қыс­қы тоқы­рауынан соң күн­нің бір­тіндеп ұзаруы бас­талады.