Қазақстан бойынша 2021 жылғы 17-19 шілдедегі ауа-райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның Оңтүстігі мен Батысында құрғақ және ыстық ауа-райы сақталады.
“Елдің көп бөлігінде, Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің
әсерінен, әлі де найзағаймен жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі
мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді
жел, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі”, – дейді синоптиктер.
Қазгидрометтің болжамынша, кейбір өңірлерде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.
“Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың
солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21℃, күндіз
термометрлер +20+36℃, елдің орталығында және шығысында ауа
температурасы түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22°С, күндіз +29+40°С болады”, –дейді мамандар.