Ел жаңалықтары

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгертілді

  • Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгертілді

    Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгертілді

Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі қазақстандықтардың Ресейге кіруіне арналған жаңа ережелерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам уақытқа келетін Қазақстан азаматтары ресейлік емдеу мекемелерінде нашақорлық пен инфекцияның, оның ішінде ВИЧ инфекциясының жоқтығын растатуы керек. Анықтамаларды алғаннан кейні ішкі істер министрлігінің аумақтық басқармасына тапсыру қажет. Кәмелетке толмағандардың немесе еңбекке жарамсыз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының бірі ұсына алады. Алты жасқа дейінгі балаларға мұндай анықтама қажет емес", - делінген елшілік хабарламасында.

Сондай-ақ қазақстандықтар міндетті түрде мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өтуі керек, содан кейін ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары оларға тиісті құжатты беретін болады.

"Ресейге еңбек қызметі мақсатында келген жағдайда жоғарыда аталған рәсімдер келген күннен бастап 30 күн ішінде, басқа мақсаттарда 90 күн ішінде аяқталуы тиіс", - деді елшілік.

Медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде қайта медициналық тексеруден өтіп, жаңа құжаттарды ішкі істер министрлігінің аумақтық органына не электронды құжат нысанына тапсыруы қажет. 

Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда Ресейде болу мерзімі қысқартылуы мүмкін.




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 00:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30