Ел жаңалықтары

Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

  • Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

    Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

Жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қазір үкіметтің тиісті қаулысын әзірлеп жатырмыз дейді


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енді жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар көбірек ынталандырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Агенттіктің алқа мәжілісінде таратылған мәліметке сәйкес, бүгінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берген адамдарды ынталандыру тетігі бар. Алдағы уақытта оны дифференциалды жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр. Сыйақының мөлшері параның көлеміне қарай анықталады. Мәселен, 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, осы соманың 10 процентін сыйақы ретінде беру ұсынылды. Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады.


Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, бұл жүйені енгізу үшін үкіметтің арнайы қаулысы қажет.


"Біз сыйақы берудің дифференциалды жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір тиісті үкімет қаулысын әзірлеп жатырмыз", - деп атап өтті Шпекбаев.

Оның мәліметінше, соңғы бес жылда жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдардың басым бөлігі - 75 проценті мемлекеттік қызметте орташа және төменгі лауазымда жұмыс істейтіндер. Бұл маңызды бір мәселенің көрінісі болса керек. Бүгінде осы топтағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен. Сол себепті олар пара алып, жемқорлыққа әуестенеді. Дамыған мемлекеттер бұл мәселені жалақыны көтеру жолымен шешкен.


"Осы орайда халық арасында тарап кеткен "басшылар параны ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар қажеттілік пен басқа жол болмағаннан алады" деген сөзбен келісуге болады", - дейді Алик Шпекбаев.




Көрілген: 1034    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 16:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30