Ел жаңалықтары

Қазақстанға 431 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді

  • Қазақстанға 431 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді

    Қазақстанға 431 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді

16 қаңтар күні Қазақстанға 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді. 

16 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен барлығы 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге шетелден 2 031 жолаушы ұшып келген. Олардың 1600-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 431 адам келген, барлығы да ҚР азаматтары.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 216 азаматының тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, барлық жолаушыда коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсеткен.




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.01.2021, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28