Ел жаңалықтары

Қазақстанға әуе рейсімен келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

  • Қазақстанға әуе рейсімен келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

    Қазақстанға әуе рейсімен келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 944 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 604 адам, анықтамасыз 340 адам келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына &ndash 10 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 596; анықтамасыз - 72;
Алматы қаласының әуежайына &ndash 6 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 865, анықтамасыз - 219;
Ақтау қаласының әуежайына &ndash 1 рейс, 46 жолаушы анықтамамен келді;
Орал қаласының әуежайына &ndash 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 97, анықтамасыз - 49 адам.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, 2021 жылдың 21 қаңтарында анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай &ndash Нұр-Сұлтан рейсімен, екінші жолаушы Шарм-эль-Шейх &ndash Алматы рейсімен келген.




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 15:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28