Ел жаңалықтары

Қазақстанға коронавирус кірді: Алматыда 24 адам іздестіріліп жатыр

  • Қазақстанға коронавирус кірді: Алматыда 24 адам іздестіріліп жатыр

    Қазақстанға коронавирус кірді: Алматыда 24 адам іздестіріліп жатыр

12 наурызда коронавирус жұқтырған азаматпен бірге ұшақта он екі адам болған, оның үшеуі экипаж қызметкері. Бұл туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Шілдебаев айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус жұқтырған науқас келген түндегі рейсте он екі адам болған, оның үшеуі экипаж қызметкері. Ал 9 наурызда келген адамның жанында 68 адам ұшып келген. Оның төртеуі басқа елге ұшып кеткені анықталды. Ал бүгін 40 адамды таптық, тексеру жүргізіліп жатыр. Жағдайы жақсы болса, үйіне жібереміз", - деді Тілеухан Шілдебаев.
Басқарма бастығы олардың қоғаммен байланысы шектелуі мүмкін екенін атап өтті. 24 адам тұрғылықты жері бойынша іздестіріліп жатыр.

"Ертеңге дейін 100 процент табамыз деп отырмыз. Сондай-ақ, тоғызыншы наурызда келген науқаспен байланыста болған он бір адам карантинге алынды", - деп түсіндірді ол.

Ал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, Алматы қаласында коронавирусқа тексерілу үшін үш жерде тест тапсыруға болады.

"Коронавирусты тексеретін үш зертхана жұмыс істейді. 3-4 сағаттың ішінде нәтижесі шығады", - деді Қалықова.

Оның айтуынша, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша қалада арнайы шаралар қабылданып жатыр. Мейрамхана, асханаларға жұмыс уақытын қысқарту туралы ұсыныс айтылған, алайда олардың жұмысына шектеу қойылмайды.

"Коронавирусқа байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасына 73,5 миллион теңге бөлінді. Қаржыға медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс киімдері, дәрі-дәрмек, керек жабдықтар сатып алынып жатыр", - деді Шілдебаев.
Ал Қалықованың айтуынша, қалада бағасы қымбат болса да, медициналық бетперде бар.

Қазақстанда үш адамнан коронавирус табылды
13 наурызда денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус тіркелгенін мәлімдеді. Германиядан Алматыға ұшқан екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірінші науқас ұшақпен 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген.

Кейінірек Нұр-Сұлтанда да коронавирус тіркелді. Қауіпті инфекция Милан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақпен ұшқан қазақстандық әйелден табылды.

 

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/regions/20200313/13074461/koronavirus-Almaty.html




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 20:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30