Қазақстанға Пфайзер вакцинасының 4 млн дозасы жеткізіледі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Айтуынша, тиісті құжаттарға қол қойылды.
Еліміздің әр өңірінде мұздатқыштар жеткілікті.
Аталған компанияның өнімін сапалы сақтау үшін тоңазытқыштардың температурасы -80 градусқа дейін баруы керек.