Ел жаңалықтары

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

 
5 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 4-6 наурыз аралығында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын жауады. Кей жерлерде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Боран соғып, күндіз көктайғақ болады.

4 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде - тұман, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, жылдамдығы - кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Облыста және Орал қаласында желдің күші - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде және Ақтөбе қаласында - жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 23:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30