Қазақстанның 5 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

25 желтоқсан 2021, 18:28

«Қазгидромет» РМК-сы 26 желтоқсанның ауа райына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

26 желтоқсанда Ақтөбе облысында күндіз облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні15-20 м/с.

 

Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

 

26 желтоқсанда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

 

26 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында нөсер жауын жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ болады. Таулы аудандарда жаяу бұрқасын соғып, солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с.

 

Шымкентте таңертең және күндіз нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

Түркістанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с.

 

Оралда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

 

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.