Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймаққа енді

07 сәуір 2021, 11:31

Эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша Қазақстан «қызыл» аймақта.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. 

Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта.