Ел жаңалықтары

Қазақстанның 9 аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • Қазақстанның 9 аймағында дауылды ескерту жарияланды

    Қазақстанның 9 аймағында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 5 тамызда Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенеттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
5 тамызда Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 16 метрге жетеді.

Ақмола облысында батыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35 градус сақталады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

5 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 5 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында 35-37 градус ыстық болады деп күтілуде. Жел секундына 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде 35 градус ыстық болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында найзағай, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласы найзағай, жел солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с болуы мүмкін.

Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел секундына - 15-20 м/с. 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 18:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30