Қазақстанның алты аймағында аяз күшейді

24 қаңтар 2022, 10:06

«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, бірнеше өңірде қалың тұман болып, үскірік бет қариды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Өңірде шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

 

Маңғыстау облысында да осындай.

 

Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында да тұман. Аяз кей аймақтарда 30 градустың шамасында.

 

Алдағы күндері Жамбыл облысының таулы аймақтарында да тұман түсіп, жел тұрады. Көктайғақ болады.