Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18 қараша 2020, 09:42

18 қарашада еліміздің алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

 
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кейде 25 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыс, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.