Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймаққа өтті

03 наурыз 2022, 09:43

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

 
«Қызыл» және «сары» аймақта ешқандай өңір жоқ. 

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.