Қазақстанның бірқатар облыстарында ҰҚК мен Шекара қызметі басқарма басшылары тағайындалды

27 шілде 2022, 13:46

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаменттерінің және ҰҚК Шекара қызметі департаменттерінің (ШҚД) басшылар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҰҚК аумықтық органдарының басшылары тағайындалды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Сырымұлы Уәлиниязов;

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Рустам Жиянұлы Ыбыраев;

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Жанымханұлы Құндызбаев;

ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Ринат Төлеуханұлы Қоқымбаев;

ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің бастығы Саламат Хамитұлы Үкенов;

ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев;

ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Серік Ғарипұлы Рахымов;

ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мадияр Бекдайырұлы Жұмаділов;

ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы Айдар Ақанұлы Айымбетов;

ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Әділ Нұрсағатұлы Әбесов;

ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Марат Құнанбайұлы Нарбаев;

ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Санат Маратұлы Жұманов.