Ел жаңалықтары

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Нұр-Сұлтанда 10 мамыр күні нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауып, кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде нөсер жауын жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Алматыда және Талдықорғанда 10 мамыр күні найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтауда күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте 10 мамырда түнде найзағай ойнайды. 10 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ.: 10 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ: күндіз 10 мамырда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

10 мамырда Павлодар облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 10 мамырда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 мамырда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

10 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 10 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.




Көрілген: 1045    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.05.2021, 02:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30