Ел жаңалықтары

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

    Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. 

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды және аптаның соңында еліміздің солтүстігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде. 

Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Оған қоса, бірнешет облысыта, дауылды ескерту жарияланды.  1 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Ақмола облысының да кей жерлерінде 1 қазанда тұман түсуі мүмкін.

1 қазанда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 95-100 %. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 90-95%.




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 23:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31