Қазақстанның екі қаласында коронавирус жұқтыру дерегі анықталды

08 мамыр 2022, 11:16

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 592-ге жетті.

 
Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Алматы қаласында - 4.
Қазақстанда 7 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Шығыс Қазақстан облысында - 3.
Елімізде барлығы 1 291 366 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 7 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 489 564 адам, 2-компонентін 9 254 951 адам салдырған.

Сондай-ақ, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша, 2022 жылғы 7 мамырда Pfizer вакцинасының I дозасын 1 095 335 адам, ІІ дозасын 953 900 адам салдырды. Оның ішінде: І компоненттін:

Жасөспірімдер – 833 949,
Жүкті әйелдер – 38 718,
Бала емізетін әйелдер – 137 699.
 ІІ компаненттін:

Жасөспірімдер – 767 991,
Жүкті әйелдер – 34 039,
Бала емізетін әйелдер – 123 717.