Ел жаңалықтары

Қазақстанның екі облысында тас жолдар жабылды

  • Қазақстанның екі облысында тас жолдар жабылды

    Қазақстанның екі облысында тас жолдар жабылды

Екі өңірде – қар аралас жаңбыр, көктайғақ. Ведомство жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес берді

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ақтөбе облысында 21 қараша сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жолдың дұрыс көрінбеуі) "Самара-Шымкент" автожолының 526 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Атап айтқанда, Құршасай ауылы мен БҚО шекарасы арасындағы "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" 160-330 шақырымы, Шұбарқұдық ауылы мен Атырау облысы шекарасы арасындағы учаске жабылды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да таңертеңнен бастап "Самара-Шымкент" автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысы шекарасында автокөліктің барлық түрі үшін шектеу қойылды.

Ведомство ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Егер төтенше жағдай болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады.

sputnik.kz




Көрілген: 1105    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 16:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31