Қазақстанның Қырғызстанмен шекаралас аумағынан қару жасырынған қойма табылды

17 қаңтар 2022, 15:22

ҰҚК шекара қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында өзімен бірге жалған мөр мен шетелдік төлқұжаттарды жасырын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"14 қаңтарда "Қордай" автомобиль өткізу бекетінде жолаушылар көлігімен келе жатқан Қырғызстан Республикасының азаматы қолға түсті. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде 50 әріптік мөр, төрт халықаралық төлқұжат пен 20 банк картасы табылды", - делінген комитет сайтындағы мәлімдемеде.

Күдікті азамат Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

Сонымен қатар шекарашылар Жамбыл облысынан екі шақырым жерде орналасқан жасырылған қару қоймасын тапты. Қойма ішінде төрт тапанша, алты мылтық және тегіс ұңғылы қару болған. 

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының жеті тұрғынынан қару-жарақ пен есірткі тәркіленгені туралы жазылған болатын.